ФИФА жазғы трансферлік терезе ережелерін өзгертеді

Редактор Penalty.kz
04.10.2024, 19:18

Халықаралық футбол федерациясы мұндай қадамға клубтық Әлем Чемпионатына байланысты барып отыр.

Vesti.kz

ФИФА клубтық Әлем Чемпионатымен байланысты мәселелерді реттеу үшін жазғы трансферлік терезеге өзгеріс енгізбек. 

Оның басты себебі мынада: турнирге қатысатын кейбір клуб ойыншыларының келісімшарттары 30 маусымда аяқталады. Соның кесірінен «Манчестер Сити» секілді командалар, мысалы, Кевин Де Брюйне мен Илкай Гюндоғаннан жарыс ортасында айырылып қалуы мүмкін. Бұл мәселе жалға алынған ойыншыларға да қатысты. 

Айта кетейік, келесі жазда АҚШ-та өтетін клубтық Әлем чемпионаты жаңа форматта өтетіні баршаға мәлім. 15-ші маусым мен 13-ші шілде аралығында өтетін турнирге 32 команда қатысады. Олардың арасында «Манчестер Сити» және «Челси» клубтары бар.