Хави АПЛ-дің топ-клубын басқаруы мүмкін

Редактор Penalty.kz
08.10.2024, 10:34

«Барселонаның» бұрынғы бас жаттықтырушысы Хави жақын арада бапкерлік қызметке қайта оралуы ықтимал.

Эрик тен Хаг және Хави / Фото Reuters

Transfer News Live El Nacional-ға сілтеме жасап хабарлағандай, «Манчестер Юнайтед» Хавиді командаға жаңа серпін беретін үздік кандидат ретінде қарастырып отыр. Алдағы уақытта «Манчестер Юнайтед» қазіргі бапкер Эрик тен Хагпен қоштасуы мүмкін.

Клуб басшылығы нидерланд маманының болашағына қатысты шешімді сейсенбі күні өтетін жиналыста қабылдайды деген сыбыс бар. Қазіргі уақытта «Манчестер Юнайтед» Англия Премьер-лигасында 14-орында тұр, және жеті турдан кейін небәрі сегіз ұпай жинады.