Александер-Арнолд «Реалға» ауыса ма?
08.10.2024, 11:30
Мадридтің «Реал» клубы «Ливерпуль» қорғаушысы Трент Александер-Арнолдың жазда еркін агент ретінде ауысу мүмкіндігін қарастырып отыр, деп хабарлайды Marca.
Фото fapl.ru
Ақпарат көзінің мәліметінше, мадридтік клуб 26 жастағы ағылшын ойыншысымен қаңтар айында келіссөздерді бастамақ. Тренттің мерсисайдтықтармен келісімшарты 2025 жылдың маусым айының соңына дейін жарамды.
«Реал» ойыншыны клубқа еркін агент ретінде қосып алуға ниетті.
Александер-Арнолд — «Ливерпульдің» түлегі. 2024/25 маусымында қорғаушы команданың сапында 9 матч өткізіп, 2 нәтижелі пас берді.
Transfermarkt порталы ойыншының нарықтық құнын 70 миллион еуро деп бағалайды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама