«Манчестер Сити» спорт директоры маусым соңында клубтан кетеді
10.10.2024, 00:53
ESPN хабарлағандай, «Манчестер Сити» спорт директоры Чики Бегиристайн осы маусымның соңында клубтан кетуді жоспарлап отыр.
Фото ESPN
Испандық маман 2012 жылдан бері «Сити» құрамында қызмет етіп келеді. Ол 2016 жылы Хосеп Гвардиоланы команданың бас бапкері етіп тағайындауда маңызды рөл атқарды.
Дереккөздердің мәліметінше, Бегиристайн Манчестер клубының спорт директоры қызметіне өз орнына келетін мұрагерін таңдауға қатысады.
Жеті турдан кейін «қалалықтар» Англия чемпионатының турнирлік кестесінде 17 ұпаймен екінші орында тұр.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама