Лерой Сане АПЛ-ға қайта оралуы мүмкін

Редактор Penalty.kz
10.10.2024, 03:09

"Бавария" шабуылшысы Лерой Сане Англияға оралып, мансабын Ағылшын Премьер-лигасында (АПЛ) жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды журналист Николо Скира.

Фото ESPN

Ақпарат көздерінің мәліметінше, АПЛ-дың бірнеше клубы 28 жастағы неміс футболшысына қызығушылық танытуда. Оның мюнхендік клубпен келісімшарты 2025 жылдың маусым айының соңына дейін жарамды.

Футболшыға қызығушылық білдірген командалар оны еркін агент ретінде келісімшартқа отырғызуды жоспарлап отыр.

Сане 2020 жылдың шілде айынан бері "Бавария" сапында өнер көрсетіп келеді. 2024/25 маусымында шабуылшы команда үшін 4 матчта 1 гол соқты. Transfermarkt порталы ойыншының құнын 70 миллион еуроға бағалайды.

Лерой Сане бұған дейін де АПЛ-да ойнаған — 2016 жылдың тамызынан 2020 жылдың шілдесіне дейін ол "Манчестер Сити" клубында өнер көрсетті.