Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Месси футбол тарихында ең көп жүлде алған футболшы деген атаққа пікірін білдірді

Редактор Penalty.kz
18.10.2024, 11:40

Жуырда атақты футболшыға осындай жүлде табысталған болатын. 

Vesti.kz

«Интер Майами» және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси футбол тарихында титулы ең көп ойыншыға берілген награда алуына пікір білдірді.

«Әр кез, алаңда да, оның сыртында да менімен бірге болған барлық адамға үлкен алғыс айтамын. Мен әрқашан айтқанымдай, мен жеңген титулдардың ешқайсысын мені қолдайтындарсыз және ұлттық құрамадағы да, клубтардағы да командаластарымсыз жеңе алмас едім», — деп жазды Месси әлеуметтік желілердің бірінде.

Еске сала кетейік, Месси 2023 жылдың жазғы трансферлік терезесінде «Интер Майами» клубына ауысты. Осы маусымда аргентиналық футболшы америкалық клубтың құрамында 18 матчқа қатысып, 17 гол және 10 нәтижелі пас жасады. Месси мен «Интер Майами» арасындағы қазіргі еңбек келісімі 2025 жылдың желтоқсанына дейін есептелген. Жалпы алғанда, шабуылшының есебінде 46 командалық марапат, сондай-ақ 56 жеке марапат бар.