Григорий Бабаян Англиядағы матч алдында «Астананың» мақсаты мен құрамы туралы айтты

Редактор Penalty.kz
24.10.2024, 07:23

«Астана» командасының жаттықтырушысы Григорий Бабаян Конференция лигасының жалпы кезеңі аясында «Нью-Сейнтс» командасына қарсы өтетін матчқа қатысты ойымен бөлісті.

Vesti.kz

«Астана» командасының жаттықтырушысы Григорий Бабаян Конференция лигасының жалпы кезеңі аясында «Нью-Сейнтс» командасына қарсы өтетін матчқа қатысты ойымен бөлісті. 

«Астана» командасының жаттықтырушысы Григорий Бабаян Конференция лигасының жалпы кезеңі аясында «Нью-Сейнтс» командасына қарсы өтетін матчқа қатысты ойымен бөлісті.  Бас бапкердің айтуынша, елордалық клубты өте қиын матч күтіп тұр. Уэльстік ұжым шабуылдағанды ұнатады. Өз лигасындағы барлық шабуыл көрсеткіштері бойынша көшбасшы. Соған қарамастан, «Астана» өз ойын өрнегін көрсетуге тырысып, нәтижеге қол жеткізу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға уәде берді. 

Бұдан бөлек, Бабаян кей футболшыларды елде қалдыру туралы шешімін де түсіндірді. 

«Иә, расында да, Алматыда «Елімайға» қарсы ойнаған 11 футболшыны қалдырдық. Біріншіден, ұшу уақыты өте ұзақ болды. Жолда болғандықтан, жаттығу жасай алмадық. Екіншіден, командада клуб тарихында болмаған тығыз кесте бар, биыл чартерлік рейстердің болмауы да қиындық туғызды. Біз Семейде «Елімайға» қарсы ойнадық, ал ертең Англияда ойнаймыз. Осыдан кейін рейстік ұшақпен қайтып келеміз, сенбіде ораламыз, жексенбіде — «Ақтөбеге» қарсы матч. Футболшылар робот емес, ешкім мұндай жүктемеге төтеп бере алмайды. Сондықтан футболшыларды және жаттықтырушылар мен медициналық штабтың жартысын Алматыда қалдыруға тура келді», - деді бапкер. 

Айта кетейік, «Нью-Сейнтс» — «Астана» матчы қазанның 24-сінен 25-іне қараған түні өтеді. Оны тікелей эфирде «Qazsport» телеарнасы көрсетеді.