"Ей, сорлы!". "Жеңістен" жеңілген "Ордабасы" жанкүйерлерінің жанайқайы
27.10.2024, 15:41
Турнир аяқталуға небәрі екі ойын қалғанда шымкенттік команда өз алаңында ҚПЛ аутсайдері «Жеңістен» жеңіліп қалды.
Beksports.kz
«Ордабасы» тағы жеңілді. Футболдан ел чемпионы биыл бұл атағын сақтап қала алмайтын секілді. Турнир аяқталуға небәрі екі ойын қалғанда шымкенттік команда өз алаңында ҚПЛ аутсайдері «Жеңістен» жеңіліп қалды. Қорытынды есеп – 1:2.
Осылайша, ел чемпионы 39 ұпаймен екінші орынға сырғыды. 41 ұпай жинаған «Қайрат» бірінші орында тұр. Келесі, яғни соңғы турда қос команда өзара мықтыны анықтайды. Дегенмен, үшінші орындағы «Астана» қалған үш матчта жеңіске жетсе сөзсіз чемпион атанады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама