Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

СО: Аморимнің "МЮ"-дағы жылдық жалақысы €8 млн болады

Редактор Penalty.kz
29.10.2024, 20:31

Португалиялық маманның манчестерлік клубпен келісімшартты "2+1" схемасы бойынша жасалады. 

independent.co.uk

"Спортингтің" бас бапкері Рубен Аморим "Манчестер Юнайтедке" тағайындалуға жақын. Егер ол ағылшындық клубқа ауысса, жылына 8 миллион еуро жалақы алатын болады. Бұл туралы Caught Offside хабарлайды.

Аталған басылымның мәліметі бойынша, Аморим "Қызыл сойқандардағы" қызметін тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған екіжылдық келісімшарт жасасады. 

Айта кетейік, Аморимге бұған дейін "Манчестер Сити" де қызығушылық танытты. Бірақ 39 жастағы бапкер Хосеп Гвардиоланың клубтағы болашағы туралы шешімді күткісі келмеген.

Естеріңізде болса, 28-ші қазанда "Манчестер Юнайтед" голландиялық маман Эрик тен Хагтың команданың бас жбапкері қызметінен кеткенін жариялады.