«Қайрат» халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
30.10.2024, 16:50
Жарысқа бес елден сегіз команда қатысты.
kazfootball.kz
«Қайрат» U-15 командасы Қытайдың Сиань қаласында өткен халықаралық турнирде алтын медальға ие болды.
Жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирге бес елден сегіз команда қатысты. Олар: «Қайрат» (Қазақстан), «Шэньчжэнь», «Сиань», «Гуанчжоу Инхуа Сили», «Чжэцзян» (барлығы Қытай), «Пахтакор» (Өзбекстан), «Олденбург» (Германия) және «Ден Босх» (Нидерланды).
«Қайрат» U-15 матчтарының нәтижелері: «Шэньчжэнь» командасымен – 0:1, «Чжэцзянмен» – 7:0, «Ден Босхпен» – 4:0, «Пахтакормен» – 2:1, ал «Шэньчжэньмен» – 2:2 (пенальти бойынша 4:3).
Осылайша, 2010 жылы туған қазақстандық футболшылар турнир жеңімпаздары атанды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама