Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

«Валенсия» – «Реал» матчы кейінге қалуы мүмкін

Редактор Penalty.kz
30.10.2024, 17:56

Оған елдегі дауыл салдарынан жарияланған қаралы күн себеп. 

matchtv.ru

Испания біріншілігінің 12-ші туры аясында өтуі тиіс «Валенсия» мен мадридтік «Реал» арасындағы ойын елдегі дауыл салдарынан жарияланған қаралы күнге байланысты кейінге қалдырылуы мүмкін. Бұл туралы белгілі Relevo онлайн-басылымы хабарлады.

Аталған ақпарат көзінің дерегіне сәйкес, Валенсия провинциясында табиғат апатынан ондаған адам қаза тапты. Аймақта үйлерді су басып, көлік қозғалысы тоқтап қалды. Осыған байланысты жергілікті билік қаралы күн жариялады. Енді 2 қараша күні өтуі тиіс «Валенсия» мен мадридтік «Реал» арасындағы матч кейінге қалдырылуы мүмкін.

Бұған дейін Испанияның Корольдік футбол федерациясы дауыл салдарынан Испания Кубогының алғашқы кезеңінің екі ойынын атап айтқанда, «Валенсия» мен «Парла Эскуэла» және «Леванте» мен «Понтеведра» арасындағы матчтарды кейінге қалдырған болатын. Бұл матчтар бүгін, 30 қазанда өтуі керек еді.