Вайди Сахли Еуропа мен Қазақстан біріншіліктерін салыстырды

Редактор Penalty.kz
31.10.2024, 16:43

«Каспий» командасының бұрынғы ойыншысы Вайди Сахли еуропалық және қазақстандық чемпионаттардың айырмашылығын атады. 

aladop.kz

«Каспий» командасының бұрынғы ойыншысы Вайди Сахли еуропалық және қазақстандық чемпионаттардың айырмашылығын атады. Бұл туралы тунистік футболшы Meta-ratings.kz порталына берген сұхбатында айтты. 

– Сіз Грекия, Черногория, Сербия, Венгрия және Қазақстан чемпионаттарын салыстыра аласыз ба? Әрқайсысының қандай артықшылықтары бар?

– Әр лиганың өзіне тән артықшылықтары бар, бірақ олар бір-бірінен қатты ерекшеленеді. Кейбір елдерде ойын қаттырақ болса, басқаларында техника басымырақ. Қазақстанда да өзіндік артықшылықтар бар. Ол жердегі чемпионат оңай емес.

– Қазіргі кезде сіз Венгрияның жоғарғы лигасында ойнап жүрсіз. Мұндағы деңгей әлдеқайда жоғары ма?

– Мұндағы деңгей мүлдем басқаша, инфрақұрылым әлдеқайда жақсы, бұл ойыншылардың дамуына көмектеседі.

Еске сала кетейік, 2021 жылы «Каспий» сапында ойнаған Сахли маусымда бес гол соғып, алты нәтижелі пас берді. Кейін жоғары деңгейдегі командаларға ауысты. Содан бері Грекия, Венгрия және Сербия клубтарында ойнады. Қазір ойыншы Венгрияның «Дьер» командасында өнер көрсетіп жүр.