Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Аустрия құрамасы Қазақстанға қарсы матч алдында бірқатар шешім қабылдады

Редактор Penalty.kz
13.11.2024, 10:47

Мақсат - футболшыларға түсетін жүктемені барынша азайту. 

news.sportbox.ru

Аустрияның футбол құрамасы Ұлттар лигасы аясында Қазақстанға қарсы өтетін ойын алдында футболшыларға түсетін жүктемені барынша азайтуға тырысып бағуда. 

Sport.orf.at мәліметінше, сәрсенбі күні команда Венада түске дейін жаттығу өткізіп, Алматыға орталық Еуропа уақыты бойынша сағат 13:30-да бір-ақ ұшады. Сөйтіп чартерлік рейспен түнгі 23:50-де Алматыға келеді. 

Қазақстан мен Австрия арасындағы матч 14 қараша күні сағат 20:00-де басталады. Ол аяқталан соң еуропалық ұжым бірден өз еліне қайтпақ. Ральф Рангник шәкірттері отанына жұма күні таңғы 4:25-те жетеді.

Бас бапкердің мұндай қадамға баруына уақыт белдеуі себеп. Футболшылардың қолайлылығы үшін ұжым орталық Еуропа уақытының күн тәртібін ұстанатын болып шешкен. Аустрия құрамасы тіпті Қазақстанға өз аспазын әкеліп, ойыншыларға Аустриядан ежткізілген өнімдерден ас әзірлетпек екен.