Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Черчесов Әділбек Жұмаханов пен Ғалымжан Кенжебектің дебютіне қатысты пікір білдірді

Редактор Penalty.kz
15.11.2024, 08:34

Кеше Қазақстан құрамасы Аустрияға қарсы матч өткізген болатын. 

Sport24.ru

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Аустрияға қарсы матчтан кейін қорғаушы Әділбек Жұмаханов пен Ғалымжан Кенжебектің дебютіне қатысты пікір білдірді. 

«Маған ұйықтап алып, ойынды таңертең қарап шығу керек, содан кейін дебютанттарға баға беруге болады. Мұндай қиын ойында екі жас футболшының алаңға шыққанына қуаныштымын. Олар өздеріне берілген міндеттерін орындады. Кейбір нәрселерді өзгертуіміз керек және командаға жаңа серпін қажет», – деді Черчесов.

Қазақстан құрамасы кеше Алматыдағы "Орталық стадионда" Австриядан 0:2 есебімен жеңіліс тапты. Келесі ойынды Станислав Черчесовтың шәкірттері 17 қарашада Ослода Норвегия құрамасына қарсы өткізеді. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы бес матчта бірде-бір гол соға алмады. Ал өз қақпасына он доп жіберіп алды.