Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

ӘЧ іріктеу: Аргентина жеңіліп қалды, Бразилия тең ойнады

Сарапшы, спорт журналисі
15.11.2024, 08:53

Латын Америкасында 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчтары өткен болатын. 

sport-express.net
Реклама
Реклама

Парагвай құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчында Аргентинамен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. 

Ойынның 11-минутында аргентиналық шабуылшы Лаутаро Мартинес есеп ашты. Бірақ көп ұзамай есеп теңесті. Гол авторы -  Антонио Санабрия.  Екінші таймның басында қорғаушы Омар Альдерете гол соғып, алаң иелеріне жеңіс сыйлады. 

Турнир кестесінде Аргентина құрамасы 22 ұпаймен көш бастап тұр, ал Парагвай құрамасы 16 ұпаймен 6-орында.

Өз кезегінде Бразилия құрамасы Венесуэладан айласын асыра алмады. Матурин қаласындағы «Монументаль де Матурин» стадионында өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды. Алғашқы голды қонақ команданың ойыншысы Рафинья гоқты. Алайда екінші таймда венесуэлалықтар есепті теңестіріп кетті. Кездесудің 62-минутында бразилиялықтардың алға шығуына керемет мүмкіндік пайда болды. Төреші 11 метрлік айып добын белгіледі. Бірақ Винисиус Жуниор пенальтиден мүлт кетті. 

Кездесу қорытындысы бойынша Бразилия құрамасы енді 17 ұпаймен 3-орында тұр. Ал Венесуэла 12 ұпаймен 7-орынға жайғасты.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары