Бүгін екі құрама Ұлттар лигасында кездесу өткізеді.
Ресейлік Soccer365.ru порталы Норвегия мен Қазақстан арасындағы Ұлттар лигасы матчына болжам жасады.
«Бір жыл бұрын Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына жолдама алуға кәдімгідей үміткер болған еді, бірақ қазір бұл команда Ұлттар лигасында бес турда бірде-бір гол соқпаған Еуропадағы екі команданың бірі. Бас бапкер Станислав Черчесов тағайындалғаннан бері, құрама өз алаңында тек бір рет тең ойнағанын мақтанышпен айта алады. Екі сырт алаңдағы матчта команда жалпы 0:7 есебімен ұтылды.
Норвегия құрамасы бұл турнирде Словенияны екі рет ірі есеппен жеңгенімен, Австриядан жеңіліп қалды. Дегенмен, норвегиялықтар өз алаңында тұрақты түрде жеңіске жетеді. Соңғы 10 матчтың жетеуінде команда қарсыласынан басым түскен. Бұдан бөлек, Эрлинг Холанд үздіксіз гол соғады.
Қазір Норвегия құрамасында қорғаныс ойыншыларының жетіспеушілігі бар. Ал топта бірінші орын алу Австрия құрамасының қалай ойнайтынына қатты байланысты. Сондықтан Қазақстан құрамасы үшін бір гол соғуға мүмкіндігі бар. Бірақ ол ойынның жалпы нәтижесіне әсер етуі екіталай. Болжам: 3:1».