"Барселона" Роберт Левандоскиге қатысты шешім қабылдады
25.11.2024, 19:36
Польшалық футболшының келісімшарты келесі жазда аяқталады.
Vesti.kz
"Барселона" клубының басшылығы польшалық футболшы Роберт Левандовскидің болашағына қатысты шешім қабылдады.
SPORT.ES басылымының хабарлауынша, каталондық клуб жетекшілері ойыншыны келесі маусымда да команда сапында көргілері келеді. Және бұл жайлы футболшының өзіне хабар берген.
Бұдан бөлек, поляк футболшысымен бірге қорғаушы Иньиго Мартинес те "Барса" қалатын болды.
Айта кетейік, Левандовски ағымда маусымда 18 матчқа қатысып, 20 гол соқты. 2 нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталындағы дерек бойынша қазір оның нарықтағы құны € 15 млн.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама