Исламбек Қуат "Астанадан" кете ме? Ойыншыға ҚПЛ клубтары құда түсіп отыр
02.12.2024, 15:55
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат қысқы трансферлік кезеңде "Астанадан" басқа клубқа ауыса алады, деп хабарлайды Vesti.kz.
aladop.kz
31 жастағы хавбектің "Астанамен" келісімшарты аяқталады. Елордалық клуб Қуатқа қатысты әлі нақты шешім айтқан жоқ. Сонымен қатар Исламбек өзінің "Астанадағы" жағдайына көңілі толмайтынын айтты. Себебі ол алаңға сирек шығып жүр.
Қуатқа "Жеңіс"қызығушылық танытып отыр. Клуб қазақстандық ойыншылар блогын күшейтуді көздейді. Сондықтан Исламбекке мол сеніп артады.
Исламбек Қуат бұған дейін "Қайрат", "Ақтөбе", ресейлік "Химки" және "Орынбор" клубтарының намысын қорғаған. Ұлттық құрама сапында 64 матч өткізіп, 6 гол соққан.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама