Көп жасап күміс болғанша, аз жасап алтын бол. Үнді футболшысының өтірігі әшкере болды
05.12.2024, 17:46
Үнді чемпионатында ең жас гол авторы атанған футболшы 12 жасқа үлкен болып шықты.
smotrim.ru
"Джамшедпур" клубының шабуылшысы Гурав Мухи қазанның жетісінде бүкіл елге танылды. "Бенгалуру" командасына қарсы матчта гол соғып, ел біріншілігі тарихында ең жас гол авторы атанды. Ол 16-да болды.
Алайда көп ұзамай Үндістанның футбол федерациясы ойыншының жасына қатысты тергеу жүргізіп, Мухи шын мәнінде 28 жаста екенін анықтады. Осыған байланысты футболшы жарты жылға спорттан шеттетілді.
Бір қызығы, Мухи 28-ші нөмірлі жейдемен өнер көрсетіп жүрген.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама