"Ордабасының" жаңа бапкері қанша жалақы алатыны белгілі болды
05.12.2024, 19:02
Инсайдтық ақпарға сәйкес, "Ордабасы" футбол клубы Андрей Мартинмен келісімге келген.
moldova.sports.md
"Ордабасы" бас бапкер қызметіне Андрей Мартинді тағайындамақ. Шымкенттік ұжым тиісті келісімге келген. Бұл туралы Aladop.kz сайты хабарлады.
Басылымның мәліметі бойынша клуб басшылығы молдовалық бапкер үшін "Петрокуб" командасына трансферлік қаржыны аударып қойған. Шымкенттік клубта бұл бапкер айына 25 мың АҚШ доллары көлемінде жалақы алатын болады.
Бұған дейін Александр Седнев 20 мың АҚШ долларын алған еді.
Айта кетейік, "Петрокуб" командасы қазір Конференция лигасында өнер көрсетіп жатыр. 12 желтоқсанда олар өз алаңында "Бетисті" қабылдайды. Енді Молдова клубы Андрей Мартиннің орнына жаңа бапкер іздейтін шығар.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама