"Қайраттың" легионері: Қазақстан футболының басты мәселесі – инфрақұрылым

Редактор Penalty.kz
06.12.2024, 19:20

"Қайраттың" беларусиялық қорғаушысы Александр Мартынович Ресейдің футбол инфрақұрылымын үлгі ретінде алға тартты.

bel.football

Қорғаушы биыл алматылық клуб сапында премьер-лигада 13 кездесу өткізіп, екі гол салған. Бұл туралы aladop.kz жазады.

"Қазақстанда деңгейі тәуірлеу бес-алты команда бар. Бірақ қазақстандық футболдың басты мәселесі – инфрақұрылым. Негізінен стадиондар ескі. Ресейдің инфрақұрылымына талай жыл бойы үйреніп алыппын. Әлем біріншілігінен кейін қайда барсаң – барлық жерде де жақсы ареналар мен сапалы газондар. Доп тепкеннен ләззат аласың. Ал Қазақстанда бұл жағынан үлкен қиындықтарды байқаймын.Алайда, инфрақұрылымды жақсартуға тырысып жатыр. "Тұранға" шағын стадион тұрғызып берді. Жергілікті БАҚ-тан келесі жылы алматының алаңын жөндеуден өткізетінін оқып қалдым. Қалай дегенде де жұмыс істелуде. Ресейдегі оң өзгерістер 2018 жылғы мундиальге байланысты болды. Егер ӘЧ өткізілмегенде, елде соншама жақсы ареналардың бой көтеруі белгісіз еді», - деді футболшы “Чемпионатқа” берген сұхбатында.

Айта кетейік, Беларусь ойыншысы биыл алматылық ұжыммен ҚПЛ-де топ жарды. Александр Мартынович "Қайратқа" дейін беларусияның "Динамосы" және ресейлік "Рубин" сынды бірқатар клубтың намысын қорғаған.