"Мен титулдарды әділ жеңдім". Моуринью Гвардиоланы сойып салды

Редактор Penalty.kz
06.12.2024, 20:00

Әңгіме титулдар төңірегінде.

LiveSport.Ru

"Фенербахче" бас бапкері Жозе Моуринью "Манчестер Сити" жаттықтырушысы Хосеп Гвардиолаға жауап берді. Испан маманы жуырда "Ливерпульге" қарсы өткен матчта көрермендердің келемежіне 6 саусағын көрсеткен еді. Ол Гвардиоланың АПЛ-да жеңген титулдарының санын білдіреді. 

Біраз жыл бұрын яғни "Манчестер Юнайтед" бапкері болған шақта Моуринью да дәл осылай 3 саусағын көрсеткен болатын. 

Аталған ойыннан кейінгі сұхбатта Гвардиола өзінің бұрынғы қарсыласына тиісіп қалудан тайынбады. "Біз Моуринью екеуіміз ұқсас жағдайға тап болдық. Бірақ ол чемпионатты 3 рет жеңсе, мен 6 мәрте иелендім", - деді Пеп. 

Жозе өз жауапбын көп күттірген жоқ. "Гвардиола мен жайлы бірдеңе айтқанға ұқсайды. 6 рет АПЛ титулын жеңіп алды. Ал мен 3 мәрте. Бірақ мен әділ әрі таза жеңіске жеттім. Ұтылсам, қарсыласыма барып, құттықтаймын. Себебі менен мықтырақ болды. Үстіңнен 150 айып түскенде жеңістің маған қажеті жоқ", - деді Моуринью.