Қазақстан чемпионатында сенсация жасаған футбол клубы жабылудың алдында тұр
24.12.2024, 17:49
Павлодар облысының "Ақсу" футбол клубы таратылуы мүмкін.
lifepvl.kz
Облыс басшылығы 2022 және 2023 жылы ҚПЛ-да өнер көрсеткен команданы жабуды жоспарлайды. Ақсуда басқа клуб пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Meta-raitings.kz жазды.
Өз кезегінде "Ақсу" футбол орталығы 2025 жылы ҚПЛ-ға шығуда басты фаворит саналатын "Ертістің" қарамағына өтті делінген.
Еске сала кетсек, "Ақсу" 2022 жылы Премьер-лигада дебют жасаған. Сол кезде ұжым чемпионатты күтпеген жерден 6-шы орынмен аяқтады.
Ал келесі маусымда соңғы орынға табан тіреп, Бірінші лигаға төмендеп қалды. Бірақ 2024 жылдың маусымын қаржы мәселесіне байланысты Екінші лигада өткізуге мәжбүр болды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама