Бұған дейін ресейлік маман қызметінен кетті деген ақпар тараған болатын.
Қазақстан футбол федерациясы Станислав Черчесовтың тағдырына қатысты мәлімдеме жасады.
“Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтың қызметінен кетуі туралы кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі таңда Станислав Черчесов Ұлттық құраманың бас бапкері қызметін жалғастырып, Қазақстан футбол федерациясымен келісімшарт бойынша жұмыс істейді”, - делінген ҚФФ ресми сайтында.
Осыған байланысты ҚФФ баспасөз қызметі тек ресми ақпарат көзіне, федерацияның ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланған ақпаратқа сенуге шақырды.