Асхат Тағыбергенге қатысты жаңалық пайда болды
26.12.2024, 21:05
Қазақстан құрамасы мен Шымкенттің "Ордабасы" ФК капитаны Асхат Тағыберген командадан кетеді.
kazfootball.kz
Жаңа команда жасақтайтын молдавалық маман Андрей Мартин өз жоспарына Асхат Тағыбергенді алмайтын сыңайлы. Бұл туралы Aladop жазады.
34 жастағы футболшының “Ордабасымен” келісімшарты 2025 жылдың соңына дейін әрекет етеді. Бірақ шарт бойынша оны шымкенттік клубпен мерзімнен бұрын үзуге құқылы.
Асхат Тағыберген өткен Қазақстан чемпионатында 24 ойын өткізді. 2 гол соғып, 9 нәтижелі пас берді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама