Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Криштиану Роналдудың 2002 жылы тіркеген рекорды құлады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
30.12.2024, 12:20

Футболдан Португалия чемпионатының 16-турындағы лиссабондық дербиде "Спортинг" "Бенфикадан" басым түсті. 

record.pt
Реклама
Реклама

Ойын 1:0 есебімен аяқталды. Жалғыз гол 29-шы минутта соғылды. Оның авторы — Джени Катамо. 

Бұл матчта әйгілі Криштиану Роналдудың рекорды құлады. Португалиялық осы күнге дейін "Бенфикаға" қарсы лиссабондық дербиде "Спортинг" сапында алаңға шыққан ең жас ойыншы боп келген. Ол аталған рекордты 2002 жылы орнатқан. Сол кезде Криштиану 17 жас 10 ай және 2 күнде еді.   

Ал бүгінгі ойында "Спортингтің" негізгі құрамында жартылай қорғаушы Джовани Кенда шықты. Ол — 17 жас және 8 айда. Осылайша Кенда Роналдудың рекордын жаңартты.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары