Фабио Каннаваро Хорватияда бапкер болады
30.12.2024, 16:11
Футболдан Италия құрамасының экс-капитаны, 2006 жылдың "Алтын доп" иегері Фабио Каннаваро загребтің "Динамо" ФК бас бапкері атанды.
dynamo.kiev.ua
51 жастағы маман қызметке 3 қаңтардан бастап кіріседі. Ол клуб тізгінін биыл қыркүйекте ұстаған Ненад Бьелицаны алмастырады.
Каннавароның соңғы жұмыс орны "Удинезе" болды. Ол италиялық клубтан маусым айында кетті. Бұған дейін Каннаваро "Беневенто", сауд арабиялық "Әл-Наср", сонымен қатар қытайлық "Гуанчжоу Эвергранд" пен "Тяньцзинь" командаларын жаттықтырды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама