Оппозиция "Барселона" президенті Жоан Лапортаның отставкаға кетуін талап етеді
02.01.2025, 17:39
Мұндай бастама Дани Ольмо мен Пау Викторды тіркеуге қатысты мәселеден туындап отыр. Клуб әлі күнге дейін Ла Лига шарттарын орындай алмай жүр.
championat.com
“55 миллионға сатып алынған ойыншы басшылықтың немқұрайлығынан 4 айдан кейін “Барселонадан” кете алады. Бұл не деген масқара? Клубтың мәртебесіне кір келтірілді. Жалған уәде беруді қашан қоясыңдар? “Барсаның” былайша құрдымға кетуін қаламаймыз” – деді оппозиция өкілдері.
Дереккөздің ақпаратынша, Жоан Лапорта ойыншыларды тіркеуге қатысты проблеманы осы жұма, яғни 3 қаңтарда шешуге уәде беріп отыр. Басшылықтың мәлімдеуінше, қаржылық қиындықтар “Камп Ноу” стадионындағы VIP-орындар үшін төлем түскенде шешімін табады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама