Аты аңызға айналған Патрик Клюйверт Индонезия құрамасын жаттықтырады

Редактор Penalty.kz
06.01.2025, 16:10

"Аякс", "Милан" және "Барселонаның" бұрынғы жұлдызы Патрик Клюйверт Индонезияның бас бапкері атанды. 

dynamo.kiev.ua

Келісім екі жылға белгіленген. Жаңа бас бапкер көпшілікке 12 қаңтарда таныстырылады. Клюйвертке қойылған басты мақсат — Индонезияны әлем чемпионатына алып шығару. 

Индонезия әлем чемпионатына азиялық іріктеудің үшінші кезеңінде өнер көрсетеді. Команда алты турдан соң үшінші орында орналасқан. Екінші орындағы Австралиядан бір ұпайға қалып келеді. Индонезия 20 наурызда сырт алаңда Австралияға қарсы ойнайды. 

Патрик Клюйверт соңғы рет 2023 жылы Абат Айымбетовтың қазіргі клубы "Адана Демирспорды" жаттықтырды.