Франция құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді

Редактор Penalty.kz
08.01.2025, 22:50

Дидье Дешам 2026 жылғы әлем чемпионатынан соң орнын босатады.

vedomosti.ru

Дидье Дешам TF1 телеарнасына берген сұхбатында келер жылы бап бапкерліктен кететінін мәлімдеді. Ол болашаққа қатысты жоспарын бөлісіп, құраманы қай кезде де қолдайтынын айтты.

“Қандай да бір хабарландыру жасауға келген жоқпын. Дегенмен 2026 жылы бәрі аяқталады. Құрама 2012 жылдан бері жүрмін, ал 2026 жылғы әлем чемпионатынан соң кетемін. Тоқтайтын уақыт болады. Француз командасының мейлінше табысты, сәтті өнер көрсетуі үшін барымды салып жұмыс істедім. Алайда 2026 жыл өте ыңғайлы уақыт деп санаймын”, – деді Дешам.

Дешам бапкер ретінде Еуро-2016 жеңімпазы болса, 2018 жылы әлем чемпионы атанды. 2020/21 маусымда УЕФА Ұлттар лигасында үздік шығып, 2022 жылғы әлем чемпионатының финалына дейін жетті.