Өзбек футболшысы "Ситиге" ауысу үшін виза күтіп жүр

Редактор Penalty.kz
09.01.2025, 08:44

2023 жылдың жазында ғана ол францияның "Ланс" клубына ауысқан еді. 

runasport.com

Өзбекстан құрамасы мен франциялық "Ланс" клубының қорғаушысы Абдуқодир Хусанов "Манчестер Ситиге" ауысу үшін жұмыс визасын алу процесін бастады. Бұл туралы Metaratings.ru хабарлады. 

Өткен аптада 20 жастағы футболшы мен оның ресми өкілдері тиісті құжаттардың бәрін тапсырған. Осы айдың соңына дейін Хусанов Манчестерге келіп, келісімшартқа қол қояды деп күтілуде. 

Айта кетейік, Хусановқа бұған дейін бірнеше топ клуб қызығушылық танытқан болатын. Олардың арасында "Челси", "Ньюкасл" және ПСЖ командалары болды. 

Жалпы, өзбек футболшысы 2023 жылы Беларусьтың "Энергетик-БГУ" сапында өнер көрсетіп жүрді. Сол жылы жазда 100 мың еуроға францияның "Ланс" клубына ауысқан болатын.