Жақын арада Уле-Гуннар Сульшер түркиялық "Бешикташты" тізгіндеуі мүмкін.
Бұрын "Манчестер Юнайтед" клубын жаттықтырған норвегиялық бапкер Уле-Гуннар Сульшер түркиялық "Бешикташты" тізгіндеуі мүмкін.
Қолда бар мәлімет бойынша Сульшер "Бешикташтың" жағдайына өз бағасын беру үшін 18-ші қаңтар күні "Самсунспорға" қарсы өтетін матчқа қатысады. Тараптардың келіссөзі сәтті өтсе, норвегиялық маман бірден іске кіріспек.
Айта кетейік, Бахтиер Зайнутдинов ойнайтын "Бешикташ" Түркия чемпионатында 6-орында келеді. 18 турдың қорытындысы бойынша 30 ұпай еншіледі. Көш басында келе жатқан "Галатасарайдан" 20 ұпайға қалып келеді.