Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстандық бапкер Еуропада рекорд орнатты

Редактор Penalty.kz
17.01.2025, 11:31

Вильнюстік "Жальгиристің" бас бапкері рекорд жаңартуды әрі қарай да жалғастыра бермек ниетте. 

lt.sputniknews.ru
Реклама
Реклама

Литвадағы "Жальгирис" футбол клубын жаттықтыратын қазақстандық бапкер Владимир Чебурин Еуропада қызмет ететін ең табысты маман атанды. 

Чебурин бапкерлік мансабын 2014 жылы "Круоядан" бастаған. Осы жылы дәл осы клубпен ел біріншілігінің күміс медалін еншіледі. 2016 жылы "Судувамен"  қола алса, 2017-2019 жылдар аралығы үш рет қатарынан чемпион атанды. 

2021 жылы Чебурин Вильнюстің "Жальгирис" клубын тізгіндеп, 4 жылда 3 мәрте ел чемпионатында топ жарды. 2023 жылы күмісті қанағат тұтты. 

Осылайша, қазақстандық маман кейінгі 10 жыл бойы бірде-бір маусымда медальсіз қалмаған. 

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары