Қазақстандық шабуылшы "Челсиге" ауысады
17.01.2025, 13:23
"Қайрат" футбол клубы мен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев мансабын Лондонда жалғастырады.
offside.kz
Лондондық “Челси” Дастан Сәтпаевке қатысты нақты шешім қабылдады. Алматылық және лондондық клуб арасында трансферлік келісім рәсімделді.
Ойыншы алдағы аптада Лондонға жол тартады деп жоспарланған. Әзірге жасалған трансфердің қыр-сыры белгісіз. Себебі Сәтпаев 18 жасқа әлі толған жоқ.
Еске сала кетсек, 19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының ойыншысы желтоқсанда лондондық “Челсиде” қаралымда болған еді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама