Еуропалық чемпионаттың үздік қақпашысы ҚПЛ клубына ауысты
18.01.2025, 21:55
Шымкенттің "Ордабасы" футбол клубы молдовалық қақпашы Дмитрий Челядникті қатарға қосты.
novostipmr.com
Молдова құрамасының ойыншысы Дмирий Челядник "Ордабасымен" еңбек келісімін рәсімдеді.
Қақпашы Тираспольдің "Шериф" ФК ауысып келді. Өткен маусымда тираспольдік клуб сапында ең аз гол жіберіп Молдова чемпионатының үздік қақпашысы атанды.
32 жастағы Челядник Молдова құрамасында 2019 жылдың ақпанында Қазақстанға қарсы ойында дебют жасады.Ұлттық құрамада 10 матч өткізді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама