Ғалымжан Кенжебек командасының ірі жеңісіне үлес қосты
Жарнама
Жарнама
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек словакиялық "Кошице" сапында алғашқы ойынын өткізді.
Кенжебек Словакия чемпионатының екінші дивизионында ойнайтын "Стара Любовна" клубына қарсы жолдастық кездесудің 46-шы минутында алаңға шықты. Матч 6:2 есебімен "Кошиценің" ірі жеңісімен аяқталды.
Ғалымжан Кенжебек былтыр кипрлік "Акритас Хлоракас" намысын қорғаған. 14 матч өткізіп, бес гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Қазір "Кошице" Словакия чемпионатында жетінші орында келеді.
Жарнама
Жарнама