Стас Покатилов Әзербайжан чемпионатына ауысты
19.01.2025, 19:30
Әзербайжанның "Сабах" футбол клубы Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатиловпен келісімшартқа отырды.
RunaSport
Әзербайжандық БАҚ өкілдерінің жазуынша, "Сабах" қазақстандық қақпашымен еңбек келісімін рәсімдеген. 32 жастағы кезінде шетел чемпионатында өнер көрсеткен. Покатилов 2016 жылы ресейлік "Ростов" намысын қорғады.
Покатилов өткен Қазақстан чемпионатында үздік қақпашы атанған. Ол 23 ойынның 11-де қақпасына гол жіберген жоқ. Одан қалды былтыр Қазақстан құрамасының негізгі қақпашысы атанды.
Покатилов Оралдың "Ақжайық" ФК түлегі. Сонымен қатар "Ақтөбе", "Қайрат" және қарағандының "Шахтерында" ойнады.
"Сабах" - Әзербайжан премьер-лигасының күміс (2022/23) және қола жүлдегері (2023/24) саналады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама