Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Станислав Черчесов қызметінен кетті

Сарапшы, спорт журналисі
27.01.2025, 13:54

Еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылған. 

rbc.ru
Реклама
Реклама

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады. 

Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті.

Қазақстан футбол федерациясы Станислав Саламұлы мен оның штабына атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, мансабына табыс тіледі.

Бас бапкер қызметіне үміткерлер тізімі қарастырылып жатыр.

Айта кетейік, Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылдың маусымында ұстады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, Норвегия құрамасымен тең ойнап, 1 ұпай жинады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары