Черчесовтың қызметінен қуылуынан кейін Владимир Пономарев осындай мәлімдеме жасады.
КСРО құрамасының бұрынғы футболшысы Владимир Пономарев "ВсеПроСпорт"-қа берген сұхбатында Станислав Черчесовтың Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
"Черчесов өте жақсы бапкер. Қайдағы жоқ Қазақстанға не үшін барды? Ол жақта ешқашан мықты футболшылар болған емес. Не себепті барғанын түсіне алар емеспін. Черчесов Венгрияда, Польшада сәтті жұмыс істеді. Ал Қазақстандағы ойыншылармен жетістікке жете алмас еді. Футболды қалай ойнау керегін үйрете алмайды ғой. Қазақтар бұл ойынға жаралмаған. Оның орнына атпен шауып, допты таяқпен тепкені жақсы. Осындай ойындары бар олардың. Немесе бір-біріне серкені лақтырсын. Футбол олардікі емес", - деді Пономарев.
Айта кетейік, бүгін Станислав Черчесовтың қызметінен кеткені белгілі болды. Еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылған.