Жастар құрамасы ЕУРО-2027 іріктеуінде кімдерге қарсылас болады

Редактор Penalty.kz
28.01.2025, 17:05

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы (U-21) 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде бесінші себетке түсті. 

NUR.KZ

Іріктеу турнирінің жеребе тарту рәсімі 6 ақпанда УЕФА-ның Ньондағы штаб-пәтерінде өтеді. Соның нәтижесінде тоғыз іріктеу тобы жасақталады. Албания мен Сербия Еуро-2027 иесі болғандықтан финалдық кезеңге тікелей жолдама алды. Ал Лихтенштейн федерациясы жастар құрамасын тізімге енгізген жоқ.

УЕФА жеребе үшін алты себет жасады. Олар төменгідей: 

Себет 1. Испания, Англия, Португалия, Нидерланд, Германия, Франция, Украина, Италия, Дания;

Себет 2. Румыния, Швейцария, Хорватия, Чехия, Польша, Норвегия, Бельгия, Грузия, Ирландия;

Себет 3. Словения, Финляндия, Швеция, Австрия, Словакия, Грекия, Исландия, Венгрия, Болгария;

Себет 4. Шотландия, Уэльс, Израиль, Северная Македония, Түркия, Косово, Солтүстік Ирландия, Фарер аралдары, Молдова;

Себет 5. Белоруссия, Черногория, Босния, Кипр, Латвия, Литва, Қазақстан, Әзербайжан, Люксембург;

Себет 6. Эстония, Мальта, Армения, Андорра, Гибралтар, Сан-Марино.

Еуропа чемпионатында маусым-шілде айында 16 команда ойнайды. Соның қорытындысында 2028 жылғы Лос-Анджелес олимпиадасының қатысушылары анықталады.