Реклама
Реклама

Бразилиялық футболшы "Елімайға" қосылды

Сарапшы, спорт журналисі
30.01.2025, 17:35

Семейдің "Елімай" футбол клубы 22 жастағы бразилиялық қорғаушы Энцо Мендеспен келісімшартқа отырды.   

kazfootball.kz

Энцо Мендес ресми түрде “Елімайға” қосылды. 22 жастағы бразилиялық ойыншы “Портимоненсе”, “Лондрина” және “Лейшойнш” клубтарының намысын қорғады. Өзі “Деспортиво” футбол мектебінің түлегі саналады. Семейлік легионер сол қапталдағы қорғаушы позициясында ойнайды.

“Елімай” былтырғы ҚПЛ маусымын алтыншы орынмен аяқтаған.   

Реклама
Реклама

Теги: