Өзбекстан құрамасының шабуылшысы жаңа маусымда өзге клубқа қосылуы мүмкін.
"Рома" командасының шабуылшысы Элдор Шомуродов осы маусым аяқталған соң клубын ауыстыруы мүмкін.
Legalbet журналистерінің мәліметінше, 29 жастағы форвардқа Италияның тағы бір клубы "Торино" қызығушылық танытып жатыр. Футболшының трансферлік құны 4 миллион еуроға бағаланған. Қазіргі келісімшарты 2026 жылдың жазына дейін жарамды.
Шомуродов биыл А Сериясында 13 матч өткізіп, бір гол мен бір нәтижелі пастың авторы атанды. Ол Италия чемпионатына ауысқанға дейін "Ростов" сапында өнер көрсетті.