Неймардың CS2 ойнаған уақыты "Барселонадағы" көрсеткішінен 47 есе көп

Редактор Penalty.kz
13.02.2025, 00:48

Бразилиялық футболшы Неймардың Steam аккаунтынан тарағын скриншот жанкүйерлерді таңғалдырды. 

championat.ua

Әлеуметтік желілерде Неймардың Steam аккаунтынан алынған скриншот тарады. Бұл сурет жанкүйерлер арасында қызу талқыланып жатыр. Себебі онда бразилиялық жұлдыздың компьютерде өткізген уақыты көрсетілген. 

Бір кезде "Барселонаның" әйгілі МСН үштігінің мүшесі болған Неймар каталондық клуб сапында 15 342 минут алаңда өнер көрсетті. Бұл шамамен 256 сағатқа тең. Бірақ шабуылшының сүйікті видеойынында өткізген уақыты бұдан да таңғаларлық. Ол Counter-Strike 2 ойынында 11 345 сағат ойнаған! Бұл "Барселонадағы" ойын уақытынан 47 есе көп. Демек осындай көрсеткішке жету үшін 472 күн бойы үздіксіз ойнау қажет.

Неймардың CS-ке деген сүйіспеншілігі жанкүйерлерге бұрыннан белгілі. Ол бірнеше рет стрим жүргізіп, тіпті кәсіби ойыншылармен бірге ойнаған. Сонымен қатар әйгілі украиналық киберспортшы Александр S1mple Костылевпен достық қарым-қатынаста.

Еске сала кетсек, 2013-2017 жылдар аралығында "Барселона" сапында ойнаған Неймар 8 трофей жеңіп алды. Ол екі рет Испания чемпионы, үш рет Испания Кубогының жеңімпазы, бір рет Испания Суперкубогын иеленді. Сонымен қатар каталондық клубпен бірге Чемпиондар лигасын, УЕФА Суперкубогын және Клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды. 

Жақында 33 жастағы Неймар туған клубы "Сантосқа" еркін агент ретінде оралып, командамен алты айлық келісімшарт жасасты. Ол тіпті алғашқы матчын өткізіп үлгерді. Бірақ әзірге нәтижелі әрекеттерімен көзге түскен жоқ.