Ұлттық құрама бас бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны туралы пікір білдірді (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
17.02.2025, 12:19

Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Белекте (Түркия) оқу-жаттығу жиынында КХДР құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.

kff.kz

Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов Түркиядағы оқу-жаттығу жиынының қорытындысын жасады. Ол КХДР құрамасымен өтетін жолдастық кездесу туралы пікірін білдіріп, жиын барысында қойылған негізгі мақсаттар мен олардың орындалу барысын түсіндірді.

Бұл матч Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев жетекшілігіндегі екінші кездесуі болмақ. Бұған дейін команда Өзбекстанның “Локомотивімен” кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті. Қазақстан құрамасындағы жалғыз голды “Қайсар” шабуылшысы Айбар Жақсылықов соқты.

Еске салайық, ұлттық құрама 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріне дайындық жүргізіп жатыр. Қазақстан өз тобында Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн құрамаларымен сынға түседі.