Бразилия чемпионатының 11-турында "Сантос" пен "Агуа Санта" арасындағы кездесу өтті.
Матч “Вила Бельмиро” стадионында өтіп, алаң иелері 3:1 есебімен жеңіске жетті.
“Сантос” сапында: Тачиано, Гильерме, Неймар
“Агуа Санта” сапында: Нетиньо
Жұлдызды шабуылшы Неймар өзінің туған клубына оралғаннан кейінгі алғашқы голын соқты. Ол матчтың 14-минутында пенальтиді сәтті орындап, сонымен қатар бір нәтижелі пас берді.
Жақында Неймар Сауд Арабиясының “Әл-Хилал” клубынан өзіне таныс “Сантос” командасына қайта қосылды. Бұл оның қайтып келгеннен кейінгі алғашқы нәтижелі ойыны.