Клубтың ресми аккаунты ерекше техникада салынған суреттерді көрсетті.
“Манчестер Сити” клубының ресми аккаунты өзбекстандық жанкүйердің ерекше өнерін көрсететін видеоны жариялады. 26 жастағы Шохрух Суюнов қолы мен аяғын бірдей пайдаланып, Хусанов, Холланд және клубтың басқа да жұлдыздарының портреттерін салды.
Шохрух Суюнов – өзбекстандық кәсіби суретші, ол ерекше стильде сурет салады және өзінің уникалды техникасымен көпшілікті таңғалдыруда.
Бастапқыда отбасы оның суретшілікке деген қызығушылығына қарсы болды, себебі олар өнерден пайда табу қиын деп есептеді. Бірақ Шохрух өз мақсатына берік болды. Үздіксіз еңбектеніп, өз ісінің дұрыстығын дәлелдеді.
Сурет салуды 5 жасынан бастаған.
Қазір таңда Камолиддин Бехзод атындағы Ұлттық өнер және дизайн институтында “монументалды кескіндеме” бағыты бойынша білім алады.
Өнерге деген шексіз махаббаты мен табандылығы оны танымал етті, ал оның ерекше стилі әлемге таралуда.