«Реал» жаңа «Роналдуды» тапты

Редактор Penalty.kz
17.02.2025, 19:01

17 жастағы Родриго Мора көп ұзамай корольдік клубқа ауысуы мүмкін. 

cnnportugal.iol.pt

Жас талант Мадридте жарқырай ала ма?

Испанияның әйгілі «Реал Мадрид» клубы кезекті жас жұлдызды өз қатарына қосуы мүмкін. 17 жастағы жартылай қорғаушы Родриго Мора жақын арада мадридтік клубқа ауысуы ықтимал. Ойыншыны клуб президенті Флорентино Переске әйгілі агент Жорже Мендеш ұсынған.

Родриго Мора – жаңа Криштиану Роналду ма?

Батыс ақпарат құралдары «Порту» сапында өнер көрсетіп жүрген Родригоны «жаңа Роналду» деп атай бастады. Жас ойыншының техникалық шеберлігі, дриблинг қабілеті және шабуылдаушы әлеуеті футбол сарапшыларының назарын аудартуда.

Футболшының осы маусымдағы статистикасы

  • 25 матч

  • 4 гол

  • 3 ассист

Родриго Мораның «Реалға» ауысуы клубтың жас таланттарға деген сенімінің айқын көрінісі. Егер бұл трансфер жүзеге асса, ол болашақта әлемдік деңгейдегі жұлдызға айналуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда 16 жастағы тағы бір талант иесі ресми түрде «Челси» сапына ауысқан еді.