Қазақстан ұлттық құрамасының тәжірибелі ойыншысы Бауыржан Исламхан мансабын Түркістанның "Тұран" клубында жалғастырады.
Қазір 32 жастағы жартылай қорғаушы жол-көлік оқиғасынан алған жарақатынан кейін ем қабылдап жатыр. Осыған байланысты Исламхан Түркістан командасына екінші айналымға жақын қосылуы мүмкін.
Бұған дейін БАҚ-та Исламханның Қызылорданың "Қайсарына" ауысуға жақын екені туралы ақпарат тараған болатын.
Айта кетейік, Бауыржан Исламхан өзінің мансабында "Қайрат", "Астана", "Ордабасы" клубтарында өнер көрсетіп, сондай-ақ БАӘ-нің "Әл-Айн" командасында да ойнаған.