Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Стас Покатилов Әзербайжан кубогының жартылай финалында басты қаһарман атанды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
03.04.2025, 03:45

Футболдан Әзербайжан кубогының жартылай финалында "Нефтчи" мен "Сабах" арасындағы алғашқы матч Баку қаласында өтті. Бұл кездесуде қазақстандық қақпашы Стас Покатилов басты қаһарманға айналды. 

sports24.kz
Реклама
Реклама

11-минутта "Нефтчи" қорғаушысы Азер Салахлы өз қақпасына гол соғып алды. 21-минутта бакулық команда сапындағы Юри Матиас пенальтиден кейін допты қайта теуіп, есепті теңестірді. Айта кету керек, алғашқы соққыны қазақстандық қақпашы Стас Покатилов сәтті қайтарды. Бірақ доп серпіліп кеткен соң шабуылшы мүмкіндікті пайдаланды.

Ойын тағдырын 52-минуттағы Павол Шафранконың голы шешті. Ол "Сабахқа" 2:1 есебімен жеңіс сыйлады. Покатилов толық 90 минут ойнап, бірнеше қауіпті сәттерде қақпасын аман алып қалды.

Қарымта кездесу 23 сәуірде Масазыр қаласында өтеді. Еске салсақ, Әзербайжан кубогының қазіргі иегері — "Қарабах" командасы саналады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары