Африкалық футболшының дублі "Астана" - "Ордабасы" матчының тағдырын шешті (ВИДЕО)
05.04.2025, 20:39
Қазақстан Премьер-Лигасының төртінші туры аясында елордалық "Астана" өз алаңында шымкенттік "Ордабасыны" қабылдады. Матч тағдырын Усман Камараның екі голы шешті.
Instagram/@fca.astana
Бірінші таймда "Астана" басымдыққа ие болғанымен есеп ашылмады. Усман Камараның алғашқы голына шымкенттік Сұлтанбек Астанов жауап беріп, үміт отын жақты – 1:1.
Үзілістен кейін алаң иелері шабуыл қарқынын үдетіп, ойын тағдырын шешті. Марин Томасовтың кезекті нәтижелі пасынан кейін Усман Камара дубль авторы атанды – 2:1.
Осы жеңістен кейін "Астана" 10 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастады. Ал "Ордабасы" әлі де екі-ақ ұпаймен соңғы орында қалып отыр.
"Астана" — "Ордабасы" (Шымкент) 2:1 (1:1)
Голдар: Камара 34 (1:0), Астанов 40 (1:1), Камара 58 (2:1).
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама